16 маусымда 2026/2027 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, осы турнирге қатысатын «Қайрат» өз қарсыласын анықтап алды. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Чемпиондар лигасындағы бірінші ойында «Сутьескамен» кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz
Жеребе нәтижесінде Рафаэль Уразбахтиннің командасына Черногорияның «Сутьеска» клубы қарсылас атанды. Бірінші матч Алматыда өтеді. Жауапты кездесу Черногория чемпионының алаңында болады. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7-8 және 14-15 шілдеде өтеді. Ойындардың нақты кестесін УЕФА клубтық турнирлер комитеті кейінірек жариялайды.
Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» төрт іріктеу кезеңінен өтіп, «Астанадан» кейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен Қазақстанның екінші клубы атанды.
Бұл кезеңде алматылықтар сегіз ойынның жетеуінде жеңіліп, тек қана «Пафоспен тең тарқасқан еді.
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды