Алматы облысында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу кезінде 2 жұмысшы жарақат алды. Автокөтергіш құрылғысы кенеттен төмен құлаған кезде олар себеттің ішінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Іле ауданы әкімдігі мәлімдегендей, гидравликалық жабдықта техникалық ақау туындаған.
«Аталған ақау салдарынан ішінде жұмысшылары бар себет шамамен 3-4 метр биіктіктен күрт төмен түсті. Мердігер ұйымның 2 қызметкері жарақат алды», деп мәлімдеді аталған әкімдік.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың қандай жарақат алғаны әзірге белгісіз.
Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мердігер ұйымға қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі алдын ала ескертілген. Ұйым зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.
Құзырлы органдар тарапынан болған оқиғаның себептері анықталады.
Бұған дейін Павлодар алюминий зауытында төтенше жағдай болып, 2 жұмысшы зардап шеккені туралы айтылған еді.