Павлодарда азық-түлік ретінде есірткі саудасын қыздырған және қылмыстық жолмен келген табысты заңдастырған топқа қатысты сот үкімі шықты. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу аталған заңсыз схеманың бетін ашты, деп жазады Egemen.kz.
Күдікті З.Ф. Алекперов есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарын қарапайым дәмдеуіш пен азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз сауда ұйымдастырған, оған жақын туыстары да тартылған. Олардың арасында тауарды жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері нақты бөлінген.
Есірткі араласқан өнімдер өзге өңірлерден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп тұрған. Саудадан түскен ақша қолма-қол және банк аударымдары арқылы да қабылданған.
Алекперов қылмыстық табысқа 2 автокөлік сатып алып, ізін жасыру үшін оларды басқа адамдардың атына рәсімдеп қойған.
Тінту кезінде есірткі қосылған көкнәр тұқымдарының дайын партиялары тәркіленді.
Онлайн есірткі бизнесі: Ақтөбеде екі күдікті қамауға алынды
Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен келген автокөліктер мемлекет меншігіне өтті, ал құрамында есірткі заты бар 321 келі көкнәр толықтай жойылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін биылғы 4 айдың ішінде есірткі қылмыстары үшін 76 шетелдіктің ұсталғаны туралы жазған едік.