• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң 15 Маусым, 2026

Әл-Фарабидегі жол апаты: Полицей адвокатсыз жауап беруден бас тартты

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша сот отырысы жалғасты. Сотта куәгер ретінде полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алу жоспарланған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алайда ол өзінің адвокатының қатысуынсыз жауап бермейтінін айтты. Судья бұл оның заңды құқығы екенін түсіндіріп, жауап алуды кейінге қалдырды.

«Егер біз адвокатпен байланысқа шықсақ, оны іске қосамыз», деді судья.

Әл-Фарабидегі жол апаты: Жалған куәлік бергендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жақсылықов адвокатының байланыс нөмірін мекеме қызметкерлеріне тапсырды. Судья онымен мүмкіндігінше тез арада байланыс орнатуды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші тарап жол апатына кінәліге кешірім бергені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар