• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино 14 Маусым, 2026

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

Режиссер Әліби Мұқышевтің «No Good In Sight: A Story» фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі. Фильм алғаш рет 16 маусымда Шанхайда көрермен назарына ұсынылып, Қазақстанның атын Азиядағы беделді кинофестивальдердің бірінде танытпақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«No Good In Sight: A Story» («Еш жақсылығы жоқ оқиға») – Әліби Мұқышевтің тұңғыш толықметражды фильмі. Туындының түсірілімі 2023 жылы басталған.

Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Әліби Мұқышев. Түсірілімге аталған жоғары оқу орнының 70-ке жуық студенті де қатысты.

Отандық «Qaitadan» фильмі халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды

Туынды әке мен бала арасындағы қарым-қатынас идеясы төңірегінде өрбиді. Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының адам өміріндегі орны, өткеннің ізі мен өмірлік тәжірибенің тұлға болмысына әсері көркем түрде бейнеленеді. Фильм жалғыздық, сағыныш, жауапкершілік пен ар тақырыптарын қозғай отырып, адам жанының терең қатпарларына үңіледі. Сондай-ақ көрерменді отбасының қадірі, тағдыр таңдауы және жан тыныштығын табудың маңызы туралы ойға жетелейді.

Димаш Құдайберген жаңа деректі фильмінің трейлерін жариялады

Айта кетейік, 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Шанхай халықаралық кинофестивалі – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) «А» санатына аккредиттеген Қытайдағы алғашқы кинофестиваль.

Енді прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді

Соңғы жаңалықтар