• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Сарайшық ауданында Ж. Нәжімеденов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасының ішінде өрт шықты. Алдын ала дерек бойынша, кондиционер мен жылу оқшаулағыш материал жанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері небәрі 4 минутта жеткен. Жағдайды бағалаған құтқарушылар дереу іске кірісіп, өртті 6 шаршы метр аумақта сөндірген.Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Еске салайық, бүгін таңертең Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар үйден 3 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Сондай-ақ Семейде саяжай өртенді. Құтқарушылар жанып жатқан саяжайдан екі газ баллонын алып шықты.

Соңғы жаңалықтар