• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2026

АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Әсет Құралбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан дипломаттары АҚШ-тың құзырлы органдарымен тығыз байланыс орнатып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз азаматтың туыстарымен де тұрақты байланыста. Аталған жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», деп хабарлады СІМ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Иллинойс штатында тұратын 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол Чикаго маңындағы Форд-Хайтс ауданында тұрған.

Алматы тауларында жоғалып кеткен шетелдік туристер табылды

Оның туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны сөндірулі болған. 

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті табылды

Соңғы жаңалықтар