• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:50

Бірнеше рет пышақ сұққан: Алматыда 12 жастағы жасөспірім қаза тапты

Алматыда 12 жастағы жасөспірімнің қаза табуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, балаға 13 жастағы жасөспірім бірнеше рет пышақ сұққан. Оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті ретінде Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған.

Тергеу барысында жасөспірімнің жарақаттарды кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кезінде алғаны анықталған. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды.

Алты тұстан пышақ сұққан: Талдықорғанда мектеп оқушысы студентті өлтірді деген күдікке ілінді

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тергеу нәтижесіне қарай күдіктінің ата-анасын баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Соңғы жаңалықтар