• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 17:03

Шымкент – Астана рейсінде жолаушының 7,6 млн теңгесі ұрланды

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесінің бортында ірі көлемдегі ақша ұрлығының ізін суытпай ашты. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жасырын түрде жымқырған.

Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олар ұсталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шетел азаматтарының осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында ұрланған ақша толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар барысында қырағылық танытуға шақырады. Жеке заттарды, құжаттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмау, бөгде адамдарға сеніп тапсырмау және бағалы бұйымдарды үнемі бақылауда ұстау – мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жолы.

Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Соңғы жаңалықтар