• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:39

Елордалықтарды «автоматпен» шошытқан қыз айыппұл арқалады

Қала аялдамаларының бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған қыз жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорда полициясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер аялдамада түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Онда қыздың автоматқа ұқсас затты әртүрлі бағытқа кезеп тұрғаны көрінеді. Кейін оның ойыншық автомат екені белгілі болды.

Бұған дейін Алматыда жолаушы такси жүргізушісін ойыншық тапаншамен қорқытқаны туралы оқиғаны хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, қыз ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық автомат екені анықталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды (2026 жылы бұл 86 500 теңгені құрайды)», деп нақтылады полиция өкілдері. 

Тапаншамен қорқытып, тонап кеткен

Соңғы жаңалықтар