• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:19

Алматыда ауа сапасын бақылау күшейтіледі

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Мәслихат отырысында қаланың әр ауданындағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік беретін 20 жылжымалы экологиялық станцияны сатып алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі таңда Алматыда 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Алайда олардың мүмкіндіктері шаһар аумағын толық қамтуға және ластанудың жергілікті көздерін жедел анықтауға жеткіліксіз. Жаңа жылжымалы станция қаланың кез келген нүктесіне орналастырылып, ауа сапасының нашарлауына қандай факторлар әсер ететінін анықтауға көмектеседі. Атап айтқанда, көлік қозғалысының қарқындылығы, өндіріс орындарының қызметі немесе қатты отынды пайдалану сияқты себептерді айқындауға мүмкіндік береді», делінген ақпаратта.

Алматыда ауа сапасын бақылауға арналған тағы 30 датчик орнатылды

Жиналған деректер экология, қоғамдық көлікті дамыту, газдандыру және зиянды шығарындыларды азайту салаларында алдағы шешімдерді қабылдауға негіз болады.

Бұл станциялар жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалардың тиімділігін бағалауға және Алматыдағы ауа сапасын жақсарту бойынша нақты әрі тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Қазцинк» компаниясы Өскемендегі зауытта болған жарылыс пен өрттен кейінгі экологиялық ахуалға қатысты мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар