• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 11:20

Павлодарда кісі өлтірген қылмыскер төрт жылдан кейін табылды

Павлодарда адам өлтіріп, жазадан құтылып кеткен қылмыскер төрт жылдан кейін ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне қарамастан, қылмысты жедел ашу мүмкін болмаған.

«2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты. Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған», делінген хабарламада.

Ақпан айында күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты қылмыскерге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биыл жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылған. Олардың ішінде төрт кісі өлімі тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Павлодар облысында алимент төлемеген азаматтарға арнайы іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Аймақта «ТОП-100 іздестіріліп жатқан борышкерлер» республикалық тізбесіне енгізілген азаматтарды анықтау мақсатында жұмыс топтары құрылған. Бүгінде тізімге енген алты борышкердің бесеуінің орналасқан жері анықталған.

Соңғы жаңалықтар