• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Трамп: Бүгін кешке Иранға өте күшті соққы жасаймыз

Бүгін кешке Дональд Трамп Иранға қуатты соққы жасап, елдің мұнай-газ нарығын бақылауға алуға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон 11 маусым кешінде Иранға қуатты соққы жасайтынын мәлімдеді.

«Америка Құрама Штаттары бүгін кешке Иранға өте күшті соққы жасайды», деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда бұл 12 маусымның таңғы уақытына сәйкес келеді.

Осы жазбасында Трамп Иран қарулы күштерінің жағдайына да тоқталды. Оның айтуынша, Иранның әскери-теңіз және әскери-әуе күштері, радарлары, әуе қорғанысы жүйелері және өзге де қорғаныс құралдары, сондай-ақ елдің шабуылдау әлеуетінің басым бөлігі «қазірдің өзінде жойылған».

Бұдан бөлек, АҚШ президенті жуық арада Иранның мұнай инфрақұрылымы мен мұнай-газ нарығын бақылауға алатынын айтты.

«Жақын болашақта біз Харк аралын және мұнай инфрақұрылымының басқа да нысандарын бақылауға аламыз, сондай-ақ Иранның мұнай-газ нарығына толық бақылау орнатамыз. Біз мұны Венесуэлада қалай жүзеге асырсақ, дәл солай жасаймыз. Бұл Венесуэла үшін де, АҚШ үшін де өте тиімді жұмыс істеп жатыр», деп жазды Трамп.

АҚШ пен Иран арасында сәуір айында жасалған бітім туралы келісімге қарамастан шиеленіс әлі жалғасып отыр. Кейінірек Тегеран Израильдің Ливанға шабуылдарын жалғастыруы жағдайында келісімнен шығуы мүмкін екенін ескерткен. Одан кейін тараптар қайтадан өзара соққылармен алмаса бастады.

Иран АҚШ-тың Бахрейндегі кемелеріне шабуыл жасады

Соңғы жаңалықтар