• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

ФИФА ойыншылардың құқықтарын күшейтетін жаңа ереже қабылдады

FIFA футболшылардың мәртебесі мен трансферлеріне қатысты регламентке өзгерістер енгізуді мақұлдады. Жаңа ережелер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және әлемдік футбол үшін шын мәнінде революциялық өзгеріс болмақ. ФИФА-ның жаңа шешімі Қазақстан футболына да әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Diario As басылымының мәліметінше, енді әлемдегі әрбір футболшының келісімшартында міндетті түрде өтемақы (клаусула) туралы тармақ болуы тиіс. Егер көрсетілген сома төленсе, қолданыстағы келісімшарт өз күшін жояды. Мұндай жүйе қазірдің өзінде Испанияда қолданылады. Алайда басқа елдердің футбол федерациялары оны енгізуге асықпаған.

Бұл қадам футболшылардың клубтар арасындағы ауысуын жеңілдетеді деп отыр. Сонымен қатар жылдық жалақысы 150 мың еуроға дейінгі ойыншылар клаусула сомасының немесе трансфер құнының 5 пайызы көлемінде өтемақы алуға міндетті түрде құқылы болады. Егер трансфер сомасы клаусуладан өзгеше болса, өтемақы трансфер құны негізінде есептеледі.

ФИФА Әлем чемпионатынан қанша табыс табады?

Футболшылар бұл төлемнен ішінара бас тарта алады. Алайда өтемақы көлемі келісімшарттың соңғы жылындағы жалақы мөлшерінен немесе трансфер сомасының 2,5 пайызынан төмен болмауы тиіс.

ФИФА келісілген шешімдерді тек олардың заңнамалық нормаларға қайшы келетінін немесе шамадан тыс шығындарға алып келетінін дәлелдеген жағдайда ғана іске асырудан бас тарта алады.

Соңғы жаңалықтар