Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҰҚК мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз өткізудің 2 400-ден астам фактісінің жолы кесілді.
«Алып қойылған өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан аса құны шамамен 60 млн теңге. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды», делінген хабарламада.
Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі
Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.
Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?