• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 11:42

Шетелде 20 жыл жасырынған қылмыскер экстрадицияланды

Қарақшылық жасап 20 жыл бойы қашып жүрген Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2006 жылы Павлодар қаласында жақтастарымен бірге қарақшылық шабуыл жасап, тұрғындар мүлкін ұрлаған.

«Күдіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, елге экстрадицияланды», делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, ұсталған азаматтың мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

230 мың доллар жымқырған бухгалтер Грекиядан экстрадицияланды

Еске сала кетейік, ведомство бұған дейін Ресейден автокөлік сатамын деп алдаған алаяқты экстрадицияған болатын. 

Соңғы жаңалықтар