• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:15

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта оралуы мүмкін

Ұлыбритания Еуроодаққа қайта оралу тетіктерін қарастырып жатыр. Соңғы уақытта ағылшын парламентінде лейбористер партиясының көшбасшылары тарапынан «Bre-entry» идеясы кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

The Economist басылымының мәліметінше, 2030-жылдарға қарай Еуропаның бірқатар көшбасшылары Ұлыбританияның Еуроодаққа қайта қосылуы жөніндегі жаңа келісімге қол қоюы мүмкін. Оған себеп те жеткілікті – Brexit-тен кейін Ұлыбритания жалпы ішкі өнімі шамамен 4%-ға қысқарған. Сонымен қатар сауалнама нәтижесіне сәйкес, тұрғындардың 58%-ы Еуроодақтан шығуды қате шешім деп санап, Еуропамен байланысты қайта нығайтуды қолдайтынын көрсеткен. Осыған байланысты елде қазіргі таңда лейбористер партиясының өкілдері тарапынан «Bre-entry» идеясы кең талқыланып жатыр.

Саяси бақылаушылардың пікірінше, әзірге Ұлыбританияның Еуроодаққа қайта қосылуы жөнінде нақты жоспар жоқ. Дегенмен қорғаныс, қауіпсіздік және экономика салаларындағы жаңа келісімдер Лондонның Еуропамен байланысын арттырған.

Ұлыбританияда TikTok пен YouTube желілері жасөспірімдер үшін қауіпті деп танылды

Мәселен, таяуда Ұлыбритания мен Польша қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы маңызды келісімге қол қойған. Бұған дейін британ билігі Германия және Франциямен де осыған ұқсас қорғаныс келісімдерін жасаған.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар