«Қайрат» футбол клубының 17 жастағы шабуылшысы және Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев мектепті аяқтап, салтанатты соңғы қоңырау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Клуб академиясы әлеуметтік желілерде түлектердің мерекелік шарасынан бейнежазба жариялады. Онда 11-сыныпты аяқтаған жас футболшылардың мектеппен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасағаны айтылған.
− «Қайрат» футбол клубының ойыншылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Біздің түлектер 11-сыныпты аяқтап, мектеппен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам жасады. Оларды осы ерекше күнмен шын жүректен құттықтаймыз, − делінген видеода.
Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды
Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң «Челси» сапына ауысады деп жоспарланған. Ал маусым айында ол Армения және Мажарстан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерге қатысады.