• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:38

Шымкенттік түлек әлемнің беделді 74 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дастан Рақыманберді 12 еліндегі 74 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушы SAT емтиханынан 1 480 балл, ал IELTS бағдарламасынан 7.0 балл жинаған.

Ол білім жолында өзін бесінші сыныптан бастап жүйелі түрде дамытуды қолға алған. Осылайша бірнеше республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, ол астрофизикадан республикалық олимпиадада І орын, «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауында ІІІ орын, сондай-ақ елімізде алғаш өткен қаржылық сауаттылық олимпиадасында ІІ орын иеленген.

Павлодарлық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Сонымен қатар IT саласында да жетістікке жетіп, 15-тен астам халықаралық және республикалық хакатондарға қатысып, жүлдегер атанған. Оның ішінде NASA ұйымдастырған байқауларда да жоғары нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір шымкенттік түлек Тамерлан Сыздықовтың 23 шетелдік университеттен шақырту алған болатын.

Соңғы жаңалықтар