• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 00:35

Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында

20 рет
көрсетілді

Amnesty International ұйымы өлім жазасын кесу көрсеткіші бойынша алдынғы қатарда тұрған мемлекеттер тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Amnesty International ұйымы жариялаған есеп бойынша, 2025 жылы әлемде кем дегенде 2707 адам өлім жазасына кесілген. Бұл 1981 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ұйым көрсеткіштің күрт өсуін Ирандағы өлім жазасының жоғары болуымен байланыстырады.

Amnesty International мәліметінше, былтыр Иранда 2159 адам өлім жазасына қиылған.

«Өлім жазасына дайынмын»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын жұртын не үшін өлтіргенін айтты

Тегеран өлім жазасын саяси қысым мен наразыларды басып-жаншу құралы ретінде пайдаланып отыр. Иран билігі өлім жазасын елде болған жаппай наразылықтар мен былтыр жазда Израильмен болған соғыстан кейін жиі қолдана бастаған.

Құқық қорғаушылар Қытай бұл статистикаға енгізілмегендіктен, әлемдегі өлім жазасына қатысты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін екенін айтады. Қытайда жыл сайын мыңдаған өлім жазасын орындайтындығы айтылады. Бірақ оның нақты саны құпия күйінде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар