Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады. Атап айтқанда, А.Сембинов көшесінен Республика даңғылына дейінгі жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әкімдік мәліметінше, аталған учаскеге жол баныдыларын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
«Осыған байланысты, 18-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады», делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Осыған байланысты қалалық әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін С.Шаймерденов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы шектелетінін жазған едік