Мемлекет басшысы өңір елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту мен дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия – Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажеттігін жеткізді.
– Менің ойымша, ішкі істер министрліктері бір-бірімен ынтымақтастықты күшейтіп, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп мәселелеріне қатысты ақпараттармен бөлісуге тиіс. Бұл халықтарымыздың арман-тілегіне толығымен сай келеді. Жұртшылық мемлекеттер басшыларынан өз елдерін тәртіпке келтіріп, қалыпты әрі қауіпсіз өмірге қолайлы жағдай жасау үшін аса шұғыл, тиімді шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Балаларымыз, жалпы халық ел басшыларының, ішкі істер министрлері мен басқа да ведомство жетекшілерінің заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын қабылдап жатқандарына көздері жетіп, өздерін қауіпсіз сезінуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзара сенім, тату көршілік, ортақ жауапкершілік негізіндегі ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше мән беретінін жеткізді. Президент «Орталық Азия – Қытай» елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады Кездесуге қатысушылар өзара байланыстарды жолға қоюға, жедел ақпарат алмасуға, кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға және құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізуге ниетті екендерін растады. Президент аталған жиынның Орталық Азия мен Қытай аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша серіктестік пен ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтады.