• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді

40 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде санитарлық тазалау және стихиялық қоқыс үйінділерін жоюмен қатар, жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи толыққанды жүйесін қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Жоспарланған жобалар қатарында электр энергиясын өндіретін қоқыс жағу зауытының құрылысы, тағам қалдықтарын өңдеу кешенін іске қосу, қоқысты сұрыптау кешені мен биоэлектр станциясын салу көзделген. Сондай-ақ бұл жобалар жүзеге асқанда 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады.

Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын полигондар жетіспейді

Сонымен қатар өңірде қайталама шикізатты қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда Алматы облысында пластик, макулатура, шыны және тозған автодөңгелектерді сұрыптап, қайта өңдейтін 6 ірі және бірнеше шағын кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 184 мың тоннадан астам қалдықты сұрыптап, қайта өңдейді.

Бұған дейін Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар