Қазақстан мен Түркия арасында жаңа стипендиялық бағдарлама іске қосылады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл келісім Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде «Абай – Акиф Ерсой» стипендиялық бағдарламасы да бар. Бұл – Қазақстанның азаматтарына Түркияның жетекші оқу-орындарында стипендия арқылы оқу мүмкіндігін береді. Сондай-ақ Түркия азаматтары да Қазақстанға келіп білім ала алады», деді министр.
Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық туралы» декларация қабылданады
Саясат Нұрбектің айтуынша, бастапқыда 40-50 грант бөлу көзделіп отыр. Одан кейін оның санын арттыру қарастырылмақ.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты.