Қазақстанда төтенше жағдай кезінде жедел қызметтер азаматтардың орналасқан жерін анықтай алатын болады. Мұндай норма телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа өзгеріс төтенше жағдайларда жедел әрекет ету уақытын қысқарту мақсатында қабылданған.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «112» қызметіне адамның геолокациясын тегін анықтау мүмкіндігі берілетінін мәлімдеді.
Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Заң жобасында сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда байланыс желілерін салуға рұқсат беру қарастырылған. Министрдің айтуынша, бұл шалғай ауылдар мен туристік аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетіп, байланыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Бұдан бөлек, байланыс инфрақұрылымын салу үшін жер телімдерін бөлу тәртібі жеңілдетілмек. Енді кейбір жағдайда жер беру үшін нысанды бас жоспарға немесе егжей-тегжейлі жоспарлау құжаттарына міндетті түрде енгізу талабы алынып тасталады.