Аты аңызға айналған қорғаушы Серхио Рамос «Севилья» клубының жаңа иесі атанды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо X желісінде хабарлады, жеп жазады Egemen.kz.
40 жастағы футболшы – «Севилья» клубының түлегі. Ол негізгі команда сапында 2004-2005 жылдары және 2023-2024 маусымында өнер көрсеткен.
Серхио Рамос мансабында «Реал Мадрид» сапында Испания чемпионы, Чемпиондар лигасының 4 дүркін жеңімпазы атанды, сондай-ақ Пари Сен-Жермен құрамында Франция чемпионы болды.
Ұлттық құрама сапында ол 2010 жылы әлем чемпионы, ал 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионы атанған.
Айта кетейік, бұған дейін Рамостың бұрынғы командаласы Лионель Мессидің Испания чемпионатының төменгі дивизионда өнер көрсететін UE Cornellà клубын сатып алған болатын.
Нұрболат АМАНБЕК