Еуропалық Одақ биыл жазда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруін шектеу мәселесін қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы балалар мен жасөспірімдердің өміріне кеңінен әсер етіп отыр, сондықтан әлеуметтік желілерді пайдалану жасына қатысты мәселе өзекті бола түскен.
«Біз технологиялардың өте жылдам дамуын және олардың балалар мен жасөспірімдердің өмірінің барлық саласына еніп жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ең төменгі жас шегі туралы мәселені енді елемеуге болмайды. Еуроодақтың барлық дерлік елдері мұндай шектеуді енгізу қажеттілігін бағалауды жүргізуге шақырып отыр», деді Урсула фон дер Ляйен.
TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?
Сонымен қатар Еуроодақ барлық елдер үшін бірыңғай ережелер енгізуді және пайдаланушылардың жасын тексеретін технологияларды қолдануды талқылап жатыр.
Бала және әлеуметтік желі: тыйым басталды!
Еске салайық, бұған дейін Франция билігі X және оның иесі Илон Маскке қатысты іс қозғаған болатын.
Нұрболат АМАНБЕК