• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 13:17

Су тапшылығы қаупі: Оңтүстік өңірлерде су пайдалану лимиттері қысқарды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда су тапшылығы қаупіне байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Сырдария өзені бассейнінде су қоймаларының толуы өткен жылмен салыстырғанда 1,6 млрд текше метрге азайған. Қазақстанға келетін су ағыны орташа көпжылдық норманың 70%-ын ғана құрап отыр. Бұл жағдай төмен су режимін қалыптастырып, орта және төменгі ағыста тапшылық қаупін арттырады.

«Балқаш – Алакөл бассейніндегі су қоймаларының толу деңгейі 97%-ды құрайды. Қапшағай су қоймасы 98% толған. 2026 жылға бекітілген су пайдалану лимиттері Алматы облысы бойынша 2,1 млрд текше метрді, ал Жетісу облысы бойынша 1,8 млрд текше метрді құрайды. Жиналған су қорының жоғары деңгейіне қарамастан, Алматы облысындағы Күрті су қоймасы маңында су тапшылығы қаупі сақталып отыр. Қазіргі уақытта су қоймасындағы су көлемі 64 млн текше метрді құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38 млн текше метрге аз», деді Н.Нұржігітов.

Қазақстан қазірдің өзінде су тапшылығы аймағында тұр: су ресурстарының 45%-ы трансшекаралық көздер арқылы қалыптасады

Оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында жалпы 26,2 млрд текше метр су жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 млн текше метрге көп.

Таза су тапшылығы қашан жойылады?

Министрдің мәліметінше, Қырғызстан аумағындағы Киров және Орто-Токой су қоймаларының төмен толуы да алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты 2026 жылға арналған су пайдалану лимиті 1,2 млрд текше метрден 900 млн текше метрге дейін қысқартылған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар