«Жетісу» телерадиокешені мен радиосының басшысы, танымал қаламгер Есболат Айдабосын «Бүкір» романымен беделді «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл байқаудың басты ерекшелігі – жеңімпаз атанған авторға берілетін айрықша қолдау. Жоба демеушісі «Фридом Банк» (Freedom Bank) жазушыға өмір бойы, ай сайын 500 доллар мөлшерінде сыйақы тағайындады.