• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:51

Мәжіліс депутаттары «Президент туралы» конституциялық заңды бірінші оқылымда қабылдады

40 рет
көрсетілді

Парламенттің қарауына Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындайтын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл конституциялық заң 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған еліміздің жаңа Конституциясынан басталған ауқымды реформалардың негізі саналады. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Қазақстан Республикасы Конституциясының мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы әрі кепілі ретінде ерекше рөл атқарады.

Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?

Қарастырылып отырған конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президенті мен Вице-президентінің мәртебесі, өкілеттіктері, Президент актілерінің нысандары реттеледі. Сондай-ақ Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босату және қызметінен кетіру тетіктері, Президенттің қызметін қамтамасыз ету тәртібі, экс-Президенттердің мәртебесі, сондай-ақ заңның бірқатар өзге де қорытынды ережелері бекітілген.

Конституциялық заң жобасында Президенттің өкілеттіктері мен оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі жазылған. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» конституциялық моделінің логикасын көрсетеді. Төтенше шаралар қабылдау кезінде Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен кеңесуді енгізу және бірқатар тағайындауларды парламенттік келісу тетігі Қазақстанның теңгерімді президенттік республикаға дәйекті түрде бет бұрғанын айғақтайды. Сонымен қатар конституциялық заңда Президент үшін оның қызметінің шеңберін қатаң жіктейтін шектеулер де жазылған.

Вице-Президентті кім тағайындайды?

Өкілеттіктер бөлігінде Президент мемлекеттік басқарудың барлық негізгі салаларына стратегиялық басшылықты шоғырландырады. Бұл ретте, Қазақстан Конституциясына сәйкес, қарастырылып отырған заң жобасында жауапкершілік аймағы мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі белгіленген.

Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?

Сыртқы саясатта ол келіссөздер жүргізеді, халықаралық шарттарға қол қояды және олардың күшін жояды, елшілерді тағайындайды. Қорғаныс және қауіпсіздік саласында Президент Жоғарғы Бас Қолбасшы болып есептеледі, Әскери доктринаны бекітеді, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізеді. Заң шығарушы билікке қатысты ол Құрылтай сессияларын шақырады, заң шығару бастамасы мен вето құқығына ие. Атқарушы билікке қатысты Үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметінен босатады, Премьер-министрдің есептерін жүйелі түрде тыңдайды. Сонымен қатар Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьяларын, Жоғарғы Сот Төрағасын, сондай-ақ Бас прокурорды тағайындайды және оның елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы есептерін тоқсан сайын тыңдап отырады.

Соңғы жаңалықтар