Семейде гаражын есірткі қоймасына айналдырған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Тінту барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 келі марихуана тәркіленді. Есірткі заттары ірі целлофан қаптарға оралып, Абай облысы аумағында таратылмақ болған.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстанда есірткі бизнесімен айналысқан 76 шетел азаматы ұсталды
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының басшысы Бақытжан Амирханов есірткі жеткізу арналарын ұйымдастыру әрекеттері қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.
Нұрболат АМАНБЕК