• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:54

Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?

30 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайының шатырын су басуына байланысты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство мәліметінше, Азаматтық авиация комитеті әуежайға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде шара қолданған. Бұл шешім жолаушылар қауіпсіздігі мен инфрақұрылым талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Оқиғадан кейін әуежай басшылығы да кадрлық шешімдерге барған. Атап айтқанда, техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылды.

Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталды: Ол өмір бойына сотталуы мүмкін

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары басталғанын хабарлады. Қазір ақауларды түзету шаралары жедел түрде жүргізіліп жатыр, ал су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде аяқталады деп жоспарланған.

Көлік министрлігі мұндай жағдайларға жол берілмейтінін атап өтті. Саладағы заң талаптарының сақталуы мен авиациялық инфрақұрылымның тұрақты жұмысы қатаң бақылауда болады.

Еске салайық, 3 мамыр күні Алматыда нөсер жаңбыр жауып, соның салдарынан әуежай ғимаратының шатыры арқылы су ішке өткен. Кейін әлеуметтік желілерде тексеру және паспорттық бақылау аймақтарында су салдарын жою жұмыстары түсірілген бейнежазбалар тарады. Куәгерлердің айтуынша, су шатырдан тікелей ғимарат ішіне аққан.

Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?

Соңғы жаңалықтар