Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда сирек кездесетін ауруға арналған препараттарды жеткізу кезінде бағаны қолдан көтеру және қаржы шығару схемасын анықтады. Келтірілген шығын 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тергеу мәліметінше, «Интерфармсервис» компаниясы бес жыл бойы Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған дәрілерді жеткізіп келген. Алайда компания басшылығы БАӘ-де тіркелген аффилирленген фирманы пайдаланып, препараттардың бағасын жасанды түрде өсірген.
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Осы схема арқылы 4 млрд теңгеден астам қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарылған. Күдіктілер заңсыз табысқа сатып алынған 32 пәтер, 11 көлік және 8 тұрғын үйге ие болған, аталған мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі уақытта үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шаралары қолданылып, іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК