• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 15:43

Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі

60 рет
көрсетілді

Мамыр айындағы мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыз құрамдарын іске қосады. 6-11 мамыр аралығында негізгі бағыттар бойынша вагондар саны көбейтіліп, жолаушыларға қосымша орындар ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, аталған кезеңде пойыздарға 175 қосымша вагон тіркеледі. Соның нәтижесінде шамамен 16 мыңға жуық қосымша орын ашылады. Бұл шара мереке күндері билеттер тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Қосымша вагондар Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Петропавл, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен және басқа да қалалар бағыттарында қатынайды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік бағыттар да қамтылады.

ҚТЖ мерекелік демалыстарға қатысты үндеу жасады: Пойыз кестесі өзгере ме?

Жолаушылар билеттерді комиссиясыз түрде bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала алады.

Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы және компанияның ресми Instagram парақшасы @jolaushylar_tasymaly арқылы қолжетімді. Пойыз қозғалысы туралы өзекті мәліметтер tablo-railways.kz онлайн-тақтасында жарияланып отырады.

Соңғы жаңалықтар