Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) таралу қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл – иксод кенелерінің шағуы немесе жұқтырылған жануарлардың қанымен байланыс арқылы берілетін жедел вирусты әрі аса қауіпті ауру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қауіп тобына мал шаруашылығында еңбек ететін азаматтар, эндемиялық өңір тұрғындары және науқастармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлері кіреді. Бұл топ өкілдері ауру жұқтыру қаупіне көбірек ұшырайды.
Мамандардың айтуынша, аурудың инкубациялық кезеңі 2-14 күн аралығында өтеді. Алғашқы белгілері – 39-40 °C дейінгі жоғары температура, бас ауруы, қалтырау, бұлшықет пен буындардың сырқырауы. Кейінгі кезеңдерде қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.
Дәрігерлер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, аурудың өлімге әкелуі ықтимал екенін ескертеді.
Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?
Мамандар алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңызын атап өтеді. Атап айтқанда, табиғатта болғанда репеллент қолдану, денені кенеге үнемі тексеру, қорғаныш киім кию және малды арнайы өңдеуден өткізу ұсынылады.
«Кене шаққан жағдайда өз бетінше әрекет етпей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», делінген ресми хабарламада.