• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:10

Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті

160 рет
көрсетілді

Абай облысының Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай кентіндегі атшабарда өткен «Ақтоғай Арғымағы – 2026» республикалық дүбірлі бәйгесі биыл ауқымы тұрғысынан да жаңа деңгейге көтерілгені байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтоғайдағы аламан бәйге биыл оныншы рет ұйымдастырылып, дәстүрге айналып отыр. Дода жүйелі түрде қалыптасқан брендке айналып келеді. Әсіресе қатарынан екінші жыл демеушілік жасаған KAZ Minerals Aktogay компаниясының қолдауы доданың салмағын арттырған. Биыл жүлде қоры 21 миллион 650 мың теңгеге жетті.

Биылғы жарыс аясында бес түрлі бәйге ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тай бәйгесі (3 км), құнан бәйге (8 км), аламан бәйге (18 км), сондай-ақ Ақтоғай кенті мен Қопа ауылының арнайы жүлдесіне арналған тай жарысы (3 км) және аламан бәйге (18 км) өтті. Жалпы додаға тай, құнан және жүйрік аттарды қосқанда 117 тұлпар қатысты. Бәйгеге Абай облысымен қатар, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан өңірлерінен және өзге де аймақтардан келген сәйгүліктер қосылды.

Қопа ауылы мен Ақтоғай кентінің жүйріктері арасында өткен аламан бәйгеде 27 ат жарыс жолына шықты. Нәтижесінде Ханторы бірінші келіп, 3 000 000 теңге жүлдені иеленді (иесі әрі бапкері – Дана Әлижан, шабандозы – Өмекей Санжар, Қопа ауылы). Екінші орынды Ботакөз (иесі – Досаев Аян, шабандозы – Бейсенбаев Ақылжан, Ақтоғай кенті) алып, 2 000 000 теңге жүлдеге қол жеткізді. Үшінші болып Қараторғай келді (иесі – Мұхамеджанов Нұржан, шабандозы – Саматұлы Арнұр, бапкері – Қайырбаев Берікхан, Қопа ауылы) – 1 500 000 теңге. Төртінші орын Лашынға бұйырды (иесі – Мұңсызбаев Руслан, шабандозы – Хамза Амангелді, бапкері – Жұмахан Сырым, Қопа ауылы) – 1 000 000 теңге. Бесінші орынды Ботакөз (иесі – Есенжолов Бекболат, шабандозы – Пахратдинов Алмат, бапкері – Шарипхан Олжас, Қопа ауылы) иеленіп, 500 000 теңге алды. Алтыншы болып Қоянқасқа келді (иесі – Ерхан Самғау, шабандозы – Нұржанұлы Қуанышбек, бапкері – Секен Қазбек, Қопа ауылы) – 300 000 теңге. Жетінші орынды Найзағай (иесі – Тойлыбаев Бейсембек, шабандозы – Сержан Ернұр, бапкері – Жүнісбек Нұрасыл, Ақтоғай кенті) алды – 200 000 теңге.

«Ұлы дала жорығы» марафоны-бәйгесі мәреге жетті

Осы елді мекендер арасында өткен тай бәйгесінде 17 тай бақ сынады. Бірінші орынды Торықыз иеленіп, 500 000 теңге жүлдеге қол жеткізді (иесі әрі бапкері – Бекежанов Медет, шабандозы – Наурызбай Арсен, Ақтоғай кенті). Екінші болып Гаухартас келді (иесі – Буратаев Еркебұлан, шабандозы – Саматұлы Арнұр, бапкері – Қайырбаев Берікхан, Қопа ауылы) – 400 000 теңге. Үшінші орын Айымзадаға бұйырды (иесі – Қасымов Төкеш, шабандозы – Серік Дияр, бапкері – Төкеш Ерасыл, Ақтоғай кенті) – 300 000 теңге. Төртінші болып Шапағат келді (иесі әрі бапкері – Дана Әлижан, шабандозы – Өмекей Санжар, Қопа ауылы) – 200 000 теңге. Бесінші орын Найзағайға тиді (иесі – Кулов Аслан, шабандозы – Қалибек Әлижан, бапкері – Асхатұлы Расул, Ақтоғай кенті) – 150 000 теңге. Алтыншы орынды Ақтанау (иесі – Ақметжанов Қажытай, шабандозы – Қажытай Айсұлтан, бапкері – Қажытай Мейірлан, Қопа ауылы) иеленді – 100 000 теңге. Жетінші болып Холибой келді (иесі – Қабдолдин Нұржан, шабандозы әрі бапкері – Нұржан Әли, Ақтоғай кенті) – 50 000 теңге.

Құнан бәйгесінде 25 ат жарыс жолына шықты. Бірінші орынды Байрақ алды (иесі – Алдабергенов Айдос, шабандозы – Хамза Амангелді, бапкері – Рысбек Нұраш, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы) – 1 500 000 теңге. Екінші орынды Бренд иеленді (иесі – Алдабергенов Берік, шабандозы – Саматұлы Айсұлтан, бапкері – Қазыбеков Серік, Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қапал-Арасан ауылы) – 1 000 000 теңге. Үшінші болып Сүлікқара келді (иесі – Қайсар Еркінбек, шабандозы – Тілектес Әмірхан, бапкері – Әлімжан Шәбенұлы, Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы) – 500 000 теңге. Төртінші орын Айғасыр еншісінде (иесі – Үмбетов Ғабит, шабандозы – Төлеген Әділжан, бапкері – Жатқанбаев Қалымжан, Алматы облысы, Аққайнар ауылы) – 300 000 теңге. Бесінші орынды Жауынгер алды (иесі – Сарманов Ильяс, шабандозы – Айтқабыл Нұрали, бапкері – Жаркимбаев Ануар, Жетісу облысы, Үштөбе ауылы) – 200 000 теңге.

Павлодар облысында өткен бәйгеде шабандоз жығылып, ауыр жарақат алды

Республикалық тай бәйгесінде 10 тай жарысты. Бірінші орынды Аделия иеленді (иесі әрі бапкері – Қазбай Береке, шабандозы – Жаңбырбай Темірлан, Алматы облысы, Еспе ауылы) – 500 000 теңге. Екінші болып Жасмин келді (иесі – Үмбетов Ғабит, шабандозы – Төлеген Әділжан, бапкері – Жатқанбаев Қалымжан, Алматы облысы, Аққайнар ауылы) – 400 000 теңге. Үшінші орынды Керемет алды (иесі – Бершімбеков Қайрат, шабандозы – Рысхан Қуаныш, бапкері – Ержанов Кенже, Жетісу облысы, Сарқан қаласы) – 300 000 теңге. Төртінші орын Адиятқа бұйырды (иесі – Сариев Арман, шабандозы – Серік Дияр, бапкері – Шахабаев Дархан, Алматы облысы, Жәпек Батыр ауылы) – 200 000 теңге. Бесінші болып Айторы келді (иесі әрі бапкері – Досаев Аян, шабандозы – Мақсұтхан Ернұр, Ақтоғай кенті) – 100 000 теңге.

Көшпелілер ойыны туралы түсірілген фильм бәйгеге түспек

Аламан бәйгеде 38 жүйрік бақ сынады. Бұл жарыста Семсер бірінші келіп, 2 500 000 теңге жүлдені жеңіп алды (иесі – Алдабергенов Берік, шабандозы – Саматұлы Айсұлтан, бапкері – Қазыбек Серік, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы). Екінші орынды Ұлар иеленді (иесі – Қамзанов Жасқайрат, шабандозы – Мұхамед Таңжарық, Жетісу облысы, Үшарал қаласы) – 1 500 000 теңге. Үшінші болып Бақтаймас келді (иесі – Асқар Әбілмансұр, шабандозы – Пахратдинов Алмат, бапкері – Асқар Қанат, Алматы облысы, Бақанас ауылы) – 1 000 000 теңге. Төртінші орын Әлһайрға бұйырды (иесі әрі бапкері – Арықбаев Берік, шабандозы – Өмекей Санжар, Алматы облысы, Ұзынағаш ауылы) – 800 000 теңге. Бесінші болып Еркежирен келді (иесі – Шайхин Қожахмет, шабандозы – Ануархан Нұрсұлтан, бапкері – Исаев Бердібек, ШҚО, Жамбыл ауылы) – 700 000 теңге.Жарыс барлық қауіпсіздік талаптарына сай өтті. Жедел жәрдем, тәртіп сақшылары мен құтқару қызметі толық жұмылдырылды.

«Ақтоғай Арғымағы – 2026» ұлттық спортты ұлықтап қана қойған жоқ, өңірлер арасындағы атбегілік дәстүрдің сабақтастығын айқындаған мазмұнды аламанға айналды.

Соңғы жаңалықтар