• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:12

Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады

40 рет
көрсетілді

Елімізде мәдени мұра нысандарына қатысты вандализм фактілерінің көбеюіне байланысты оларды қорғау мен пайдалану тәртібін реттейтін жаңа қағидалар бекітілді. Құжатқа Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғаумен айналысатын ұйымдар енді жергілікті атқарушы органдардың шешімімен коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде құрылады. Олардың негізгі міндеті – тарихи ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер жүргізу, мониторинг жасау және жаңа ескерткіштерді орнатуға қажетті құжаттарды әзірлеу.

Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері

Аталған ұйымдар мұра нысандары бойынша құжаттаманы жүргізіп, олардың техникалық жағдайын жыл сайын тексеріп отырады. Сонымен қатар көрмелер, дәрістер, экскурсиялар ұйымдастырып, ғылыми және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатады.

Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі

Бұдан бөлек, құрылымдар тарихи нысандарды жергілікті және республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеумен, қорғау аймақтарын белгілеумен, реставрация жұмыстарын жүргізумен және қорғау шарттарын жасасумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар