Threads әлеуметтік желісінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды тілдеген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Threads желісіндегі аккаунт иесі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға қатысты кемсітуші және қорлайтын пікірлер жариялаған. Кейіннен оның жеке парақшасындағы жазбалар өшірілгенімен, құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдады.
Күдікті тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр.
Threads желісінде Қазақстан армиясы туралы жалған мәлімет жариялаған жігіт ұсталды
Полиция өкілдері ұлттық белгі бойынша араздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол берген азаматтар заң аясында жауапқа тартылатыны ескертілді.
TikTok-қа телмірген толқын: Балалар қанша уақытын әлеуметтік желіде өткізеді?
Еске салайық, аталған жағдай 24 сәуір күні әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған болатын. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, азаматтар тарапынан құқықтық шара қолдану туралы талаптар қойылды.