Өскемен қаласында Целинная көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының аумағында ыдыстағы дизель отыны мен пайдаланылған май жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы 102 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ашық өрт пен қою түтінді анықтаған.
«Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, жалынның таралуына жол бермеу шаралары қабылданды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 4 оттегі және 2 газ баллонын шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды», делінген хабарламада.
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.