• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:38

Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті

20 рет
көрсетілді

Теміртауда энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту аясында жылу желілерін қайта құру бойынша алғашқы пилоттық жобаларының бірі аяқталды. Соның арқасында екі шағын аудан мен Отрадное кентінің тұрғындары көп жылдан бері алғаш рет қыстан апатсыз шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,64 шақырым ЖМ-2А жылу желілері қайта жаңартылды. Бұл магистраль 36 жыл бұрын салынған және содан бері мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Соңғы 5 жылда бұл учаскеде 31 рет апаттық жағдай тіркелген.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасы металлургтер қаласындағы жылу желілерінің жалпы тозу деңгейін 75%-дан 73,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берген Бұл көрсеткіш аз болып көрінгенімен, іс жүзінде 7,2 мыңнан астам тұтынушы (жеке және заңды тұлғалар, 3 мектепке дейінгі балалар мекемесі, емхана, орта мектеп) оң өзгерісті сезінді. 

«Нысандағы жұмыстар аяқталды. Құрылыс кезінде барлық жұмыс жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалды. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында жылу магистралі пайдалануға берілді. Аталған учаскеде құбырдың жарылуы мен жылудан ажырату жағдайлары тіркелген жоқ», делінген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарламасында. 

Айта кетейік, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы республика бойынша 2029 жылға дейін іске асады. Жоба коммуналдық инфрақұрылымның тозуын 40%-ға дейін төмендетуге және апат қаупін 20% қысқартуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар