• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:15

Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды

30 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Ұсталған азамат бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Полиция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде арнайы операция жүргізген. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды тауып, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін анықтаған.

Алты жыл жасырынған есірткі сатушы көрші елден ұсталды

«Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалау ісіне қатысқан. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген», деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Шымкентте 11 жыл бойы жасырынған шетелдік ұсталды

Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар