Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракетасы Александр Бублик Мюнхенде шымылдығы түрілген ATP-500 турнирінде жеңілістің кермек дәмін татты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұсаукесер кездесуінде отандасымыз ойда-жоқта АТР рейтингінде 166-орынға тұрақтаған словакиялық Алексом Молчаномнан ұтылды. Небәрі 1 сағат 5 минутқа созылған сайыс 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Бұл жарыстың жүлде қоры 2 561 110 еуроны құрайды.
Ал әйелдер арасындағы үздігіміз Елена Рыбакина Штутгардтағы доданы екінші кезеңнен бастайды. WTA тізімінде екінші орында тұрған отандасымыз ресейлік Диана Шнайдермен шеберлік байқасады.