Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Халықаралық «Орал» әуежайы» ЖШС-ға қатысты жүргізілген тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерттеу нәтижесінде әуежай компаниясының авиаотынды сату кезінде нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. Атап айтқанда, кәсіпорын объективті әрі экономикалық тұрғыдан негізделмеген себептерсіз әртүрлі бағалар қолданған. Соның салдарынан кейбір компаниялар авиаотынды басқа нарық қатысушыларына қарағанда төмен бағамен сатып алғаны белгілі болды.
Аталған деректерге байланысты департамент тарапынан «Халықаралық «Орал» әуежайы» ЖШС-ға бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бар екені жөнінде хабарлама жолданды.
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Қазіргі уақытта кәсіпорын бұл хабарламаны орындап, анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады.