Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда былтырғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, биылғы негізгі міндеттер айқындалды.
Роман Скляр өз сөзінде алқа отырысы еліміз үшін маңызды оқиға – жаңа Консти туция жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті.
«Конституция жобасының ұсынылған редакциясында қоғамның басты сұраныстарының бірі – адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта құру, табиғатқа ұқыпты қарау сынды іргелі қағидатты енгізу», деді ол.
Экология жəне табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, елдіңтабиғи ресурстарын ұтымды пайдалану мен көбейту бойынша негізгі жетістіктерге тоқталды. Жетекшілік ететін бағыттарда вицеминистрлердің атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжей есептер тыңдалды. Қазір министрлік қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, қоқыстарды басқару, қалдықтарға мониторинг жүргізу, орман өрттерінің ошақтарын уақтылы анықтау, орман ресурстарын есепке алу, ұлттық парктерге баруды қадағалауға қатысты цифрлық жобалар кешенін жүзеге асырып жатыр.
Министрліктің маңызды міндеті – жеке инвестицияларды тарта отырып қалдықтарды басқару жүйесін дамыту.Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында биыл елімізде Өңірлік экологиялық саммит өткізу туралы айтты. Саммит – мемлекеттер мен Үкімет басшыларының, халықаралық серіктестер мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өтетін маңызды халықаралық іс-шара. Саммит өткізу Орталық Азия елдерінің өңіраралық ынтымақтастықтағы əлеуетін жəне оның жаһандық климаттық күш-жігерді күшейтуге қосқан үлесін көрсетуге тиіс.
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Аумақтарды жинаудан бастап халықтың экологиялық мəдениетін арттыруға бағытталған ауқымды ағарту жобаларына дейін экологиялық іс-шаралардың кең ауқымы жүзеге асырылып жатыр. 2 млрд ағаш отырғызу жəне орман алқа бын14,5 млн гектарға дейін жеткізу жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатыр. Оң динамикаға қарамастан жердің деградациясы мен шөлейттену мəселелері бар. Бұл мəселенің шешімі – жел эрозиясын азайту, құмдарды бекіту, сондай-ақ жайылымдарды қалпына келтіру мақсатында қорғаныс орман белдеулері мен тосқауыл екпелер жүйесін құру.
Былтыр Премьер-министр Олжас Бектенов 24 ең қауіпті орман жəне табиғатты қорғау мекемелерінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жөнінде нақты міндет қойды. Өткен жылы аталған жүйе жиынтықауқымда 2,2 млн гектарға дейін жеткізілді. Сонымен қатар оған жасанды интеллект интеграцияланған. Ол деректерді тіркеп, бірден жедел басқару орталығына жібереді. Осы жылдың соңына дейін еліміздегі ең өртке орану қаупі жоғары ормандардың 5,4 млн гектар аумағы жүйемен қамтылады.
Бұдан бөлек, алқа мəжілісінде 2026 жылға қойылған міндеттерді орындау туралы шаралар да сөз болды. Атап айтқанда, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биоалуантүрлілікті сақтау, жауапты əрі жасампаз патриотизмді ілгерілету, жоғары экологиялық мəдениетті қалыптастыру бо йынша белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.