Жер сілкінісі 31 наурыз күні сағат 13:23-те тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпудің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде орналасқан.
Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Жер асты дүмпуі Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында 2 балл деңгейінде сезілді. Қазіргі таңда «112» құтқару қызметіне тұрғындардан ешқандай шағым немесе қоңырау түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін жер сілкінісінің қуаты 4,4 балл болған еді.