• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:33

Астаналық құтқарушылар жарылыстың алдын алды

20 рет
көрсетілді

Елордалық құтқарушылар өрт кезінде газ баллонының жарылу қаупін алдын алды, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға «Шұбар» шағын ауданындағы Күмбел көшесіндегі жеке тұрғын үйдің аумағында болған. Өрт сол жердегі үйдің моншасындағы бу бөлмесінен шыққан.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру барысында көлемі 27 литр болатын газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған. Осылайша мамандар қызыл жалынды ауыздықтау барысында, үлкен жарылыстың да алдын алды.

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Өрт 5 шаршы метр аумақты қамтыған. Қызыл жалын жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және газ жабдықтарының жарамдылығын үнемі бақылап отыруға шақырды.

Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды

 

Соңғы жаңалықтар