• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:45

Қостанайда 16 жастағы қыз терезеден құлап кетті: Қылмыстық іс қозғалды

10 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен кәмелетке толмаған қыздың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылы туған қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған. Ауыр жарақат алған ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен

Ведомство өкілдері атап өткендей, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді. Бұл талап Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.

Құтқарушылар үндеу жасады: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?

Соңғы жаңалықтар