• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:27

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Францияның Париж қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Аталған турнирде Қазақстан құрамасы екінші медалін еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аралас дуэттер арасындағы (техникалық бағдарлама) жарыста Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов 211.1267 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 231.9159 ұпаймен Ресей өкілдері Алина Румянцева мен Захар Трофимов жеңіп алды. Ал қола жүлде 207.9975 ұпай жинаған колумбиялық Эмили Минанте мен Густаво Санческе бұйырды.

Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде енді екі медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин қола жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар