• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Талбесік Бүгін, 08:05

Ақсуға оралған аққулар

20 рет
көрсетілді

Су айдындарының барлығы мұз құрсанып жатқанына қарамастан Ертіс - Баян өңіріне аққулар ұшып келе бастады. Алғашқылары Ақсу ауылдық аймағынан көзге түскен.

Халқымыздың ұғымында құстың төресі деп есептелетін аққулар Павлодар жеріндегі айдындарды төңіректеп жүр. Қазір облыс аумағындағы өзен-көлдердің барлығында көк мұз сіресіп тұр. Сондықтан қанаттылар еріген қар суын жағалап қонып жатыр.

Облыстық орман және жануарлар дүние­сін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жү­сі­по­в­тің дерегінше, келіп жатқан құстар сұң­қыл­дақ және қиқылдақ аққу түрлеріне жатады.

 – Ақсу ауылдық аймағы мен Павлодар ауданы даласындағы еріген қар суына аққулар оралды. Қауырсын қанаттыларды біздің мекеменің инспекторлары байқаған. Бұл күннің күрт жылынатынын білдіреді. Олардың ішіндегі сұңқылдақ аққулар елімізде кең тараған, көбіне республикамыздың солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерінің қалың қамысты-қоғалы ірі көлдерін мекендейді. Қызыл кітапқа енген қиқылдақ аққу да біздің аймақта кездеседі, – дейді мекеме басшысы.

Орнитологтердің айтуынша, сыбырлақ аққудың (Cygnus olor) тұрқы ірілеу, салмағы 14 килоға дейін болады. Түсі ақ, тұмсығы – қызыл, оның үстінде қара шор байқалады. Жас құстар қоңыр-сұр түсті. Жүзгенде мойнын латынның S әрпі түрінде иіп ұстайды. Ұшып бара жатқанда алыстан қанаттарының ырғақты сусылдаған дыбысы естіледі. Осы ерекшелігі арқылы сұңқылдақ аққудан ерекшеленеді әрі соңғысының тұмсығы сары-қара, шор болмайды. Еліміздің барлық суқоймаларында кездеседі.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар