• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Марапат Бүгін, 12:40

Ербол Хамитовқа III дәрежелі «Барыс» ордені табысталды

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Президент Ақордада ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарындағы (Италия) жоғары спорттық жетістіктері үшін Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа «Құрмет» ордені табысталды.

Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Айта кетейік, Ербол Хамитов пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Жарыста қара үзген жеңімпаз украиналық Тарас Радты, қытайлық Цзысюй Люді шаң қаптырды.

Сондай-ақ ол осы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысынан қола медальді жеңіп алған еді. Осылайша қазақстандық спортшы бір жарыстың өзінде екі жүлдені қоржынға салды.

 

Соңғы жаңалықтар